ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТЕДІ…
2026 жылғы 8-9 қазан күндері Астанада KazFASS және академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының ұйымдастыруымен халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Конференцияға Қазақстаннан және шетелден мамандар қатысып, аяқ пен тобық буынының аурулары мен жарақаттарын хирургиялық емдеудің заманауи тәсілдерін талқылайды.

Бағдарламада артроскопия және эндопротездеу, аяқтың алдыңғы бөлігінің хирургиясы, күрделі деформациялар мен жарақаттарды емдеу, диабеттік және балалардағы аяқ патологиялары қарастырылады.

Конференцияға Қазақстан, Испания, Дания, АҚШ, Франция, Польша, Швейцария, Грузия, Түркия, Ресей, Қырғызстан және Әзербайжан мамандары қатысады.
Жалпы іс-шара кәсіби тәжірибе алмасуға, заманауи емдеу әдістерін талқылауға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
