

Тема: Зал 1 Хирургия кисти
Время: 9 сент. 2026 09:00 PM Тихоокеанское время (США и Канада)
Присоединиться к конференции Zoom
https://zoom.us/j/95324570848?pwd=bJ6fDrAeTH3tpPAQCe6qD3fw9tTjcE.1
Ссылка на чат конференции
https://zoom.us/launch/jc/95324570848
Идентификатор конференции: 953 2457 0848
Код доступа: 369355
Тема: Вертобрология
Время: 9 сент. 2026 11:00 AM Тихоокеанское время (США и Канада)
Присоединиться к конференции Zoom
https://zoom.us/j/91591960201?pwd=iGqANnG7nmdyaUBQl05Zq8EYilN0kB.1
Ссылка на чат конференции
https://zoom.us/launch/jc/91591960201
Идентификатор конференции: 915 9196 0201
Код доступа: 319881
Тема: Зал 3 Нейрохирургия
Время: 9 сент. 2026 10:00 PM Тихоокеанское время (США и Канада)
Присоединиться к конференции Zoom
https://zoom.us/j/94168395523?pwd=z6KjrxS4ZB9Zf8ZtTNNlqfCfimau3A.1
Ссылка на чат конференции
https://zoom.us/launch/jc/94168395523
Идентификатор конференции: 941 6839 5523
Код доступа: 139013
Тема: Зал 2 Артроскопия
Время: 9 сент. 2026 09:00 AM Универсальное время UTC
Присоединиться к конференции Zoom
https://zoom.us/j/93906681218?pwd=DKcZyMkwQmz5pWTiQsdNGqmzW6NXad.1
Ссылка на чат конференции
https://zoom.us/launch/jc/93906681218
Идентификатор конференции: 939 0668 1218
Код доступа: 875335
2026 жылғы 3–6 қыркүйек аралығында Әзербайжан астанасында түркітілдес елдердің жетекші дәрігерлері мен ғалымдарын біріктірген TÜRKOT 2026 ортопедия және травматология бойынша халықаралық конгресі өтті.

Ауқымды форумның басты оқиғасы — Қазақстан травматолог-ортопедтер қауымдастығы (ҚТОҚ) мен Түркияның ортопедия және травматология қауымдастығы (TOTBİD) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы болды. Бұл келісім бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге, тәжірибе алмасуға және мамандардың тағылымдамадан өтуіне негіз болды.

Ғылыми бағдарламада Қазақстан делегациясы ерекше орын алып, жеті ғылыми баяндама ұсынды. Академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының мамандары заманауи медицинаның түрлі бағыттарындағы озық ғылыми әзірлемелерімен бөлісті.

Атап айтқанда, дәрігерлер жамбас сүйегі сынған егде жастағы науқастарға фосфокреатин арқылы периоперациялық органопротекция жүргізу, тізе буыны шеміршегін биологиялық кеңейтілген қалпына келтіруге арналған алгоритмдік тәсіл, сондай-ақ гонартроз кезіндегі созылмалы ауырсынуды емдеуде кеңейтілген радиожиілікті абляцияны қолдану мүмкіндіктерін талқылады.

Сонымен қатар, ортопедиялық операциялардан кейін пайда болатын перифериялық жүйкелердің ятрогендік зақымдануын ультрадыбыстық диагностика арқылы анықтау мүмкіндіктері туралы баяндама сарапшылардың ерекше назарын аударды.

Академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы ғылыми мектебін тұрақты түрде дамытып, инновациялық технологияларды клиникалық тәжірибеге енгізіп, мамандардың біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.
Бүгінде қазақстандық дәрігерлер ұсынған технологиялар клиникалық тәжірибеде кеңінен қолдануға және пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталып отыр.
