ҰҒТОО мамандары халықаралық ко…
Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының бактериологиялық зертханасының меңгерушісі Наталья Плиска мен дәрігер травматолог-ортопед Александр Крикливый Астанада 19–20 қараша күндері өткен «Микробқа қарсы препараттарды ұтымды пайдалану және антимикробтық резистенттілікпен күрес: «Біртұтас денсаулық» тәсілі» атты халықаралық конференцияда III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жүлделі орынға мамандардың «Перипротездік инфекция кезіндегі Staphylococcus spp. төзімділігінің эволюциясы: бесжылдық үрдіс (2021–2025 жылдар)» тақырыбындағы ғылыми баяндамасы ие болды.

Бес жылдық мониторинг аясында мамандар микроорганизмдердің 2 937 штамына талдау жүргізді. Зерттеу нәтижесінде перипротездік инфекция кезінде стандартты антибиотиктердің тиімділігі төмендегені анықталып, резервтік препараттардың (ванкомицин мен линезолидтің) жоғары белсенділігі расталды.
