БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ
«24KZ» телеарнасы Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының заманауи медициналық мүмкіндіктері мен отандық травматология саласының дамуы туралы материал жариялады.
Сюжетте орталықтың травматолог-ортопеді Досбол Ғалымұлы Қазақстанда күрделі хирургиялық операциялардың қолжетімділігі, роботтандырылған жүйелерді қолдану, ірі буындарды эндопротездеу, омыртқа хирургиясы және артроскопия бағыттарындағы жетістіктер туралы баяндады.
Маман роботтандырылған технологиялардың операция дәлдігін арттыруға, әр пациенттің анатомиялық ерекшеліктерін ескеруге және оңалту үдерісін оңтайландыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сондай-ақ материалда орталықтың халықаралық деңгейдегі медициналық мүмкіндіктері, шетелдік пациенттердің Қазақстанда емделуге деген қызығушылығы және отандық травматологияның даму перспективалары қамтылды.
Толық материал: Қазақстан травматологиясы жаңа деңгейге көтерілді — 24KZ