Француз даму агенттігімен Орта…
Академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығында Француз даму агенттігінің (AFD) өкілдерімен жаңа орталықтың құрылысын жүзеге асыру мәселелері бойынша кездесу өтті.
Кездесуге Француз даму агенттігінің Қазақстандағы кеңсесінің басшысы Гульноза Калленс, AFD денсаулық сақтау жөніндегі жобалық топтың жетекшісі Наэма Клуш, Қазақстандағы AFD кеңсесінің аға жобалық менеджері Замира Енсебаева, сондай-ақ CIS Consulting компаниясының денсаулық сақтау саласындағы сарапшысы Александра Тиркюир Менс қатысты.

Шара барысында орталық құрылысы жобасын іске асыруға қатысты мәселелер қарастырылды. Сондай-ақ қатысушылар алдағы жұмыстың негізгі бағыттары бойынша пікір алмасып, жобаны одан әрі іске асырудың маңызды кезеңдерін талқылады.

