БИШКЕКТЕ ҰҒТОО МАМАНДАРЫ КҮРДЕ…
Академик Н.Ж.Батпенов атындағы ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының мамандары Қырғыз Республикасындағы Қазақстан медицинасы күндері аясында Бішкек қаласында жергілікті әріптестерімен бірлесіп 10 күрделі операция орындап, 50 пациентке консультациялық көмек көрсетті.

Операциялар Клиникалық жедел медициналық көмек ауруханасының базасында жасалды. Олардың қатарында жамбас-сан және тізе буындарын эндопротездеу, омыртқаны транспедикулярлық фиксациялау, сан сүйегіне деротациялық остеотомия жасау, омыртқа жарақаттары мен дегенеративті өзгерістерін хирургиялық емдеу, сондай-ақ кеуде қуысының воронка тәрізді деформациясын түзету бар.

Жалпы практикалық бағдарлама барысында мамандар бөлімшелерді аралап, күрделі клиникалық жағдайларды талқылап және жарақаттар мен тірек-қимыл аппараты ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдерімен тәжірибе алмасты.

Сонымен қатар, Қырғызстан аумағында жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен Қазақстанның екі азаматын санитариялық авиация арқылы Астанаға жеткізу мәселесі келісілді.
