БІР ТАМШЫ ҚАН — БІР АДАМ…
Академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының ұжымы күн сайын мыңдаған пациенттің денсаулығын қалпына келтіріп, олардың еркін қозғалу мүмкіндігін арттыру үшін еңбек етіп келеді. Алайда пациенттер алдындағы жауапкершілігіміз операциялық залдармен ғана шектелмейді.

Бүгінде Орталықтың дәрігерлері, мейіргерлері және әкімшілік блок қызметкерлері донорлық қан тапсыру акциясына қатысып, игі іске өз үлестерін қосты.

Күнделікті жұмысында ауыр жарақаттар мен күрделі операциялар кезінде дер кезінде көрсетілетін көмектің қаншалықты маңызды екенін жақсы білетін мамандар донор болуға өз еркімен ниет білдіріп, осы маңызды іске қолдау көрсетті.