ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ НАЗАРЫНДА …
Zoom форматында өткен үйлестіру кеңесінде облыстар мен қалалардың бас штаттан тыс травматологтары травматологиялық және ортопедиялық көмекті ұйымдастыру стандартына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды талқылады. Ұсынылған өзгерістер мамандандырылған медициналық көмектің сапасын арттыруға және еліміздің барлық өңірінде бірыңғай жұмыс тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған.

Кеңестің негізгі тақырыптарының бірі — Денсаулық сақтау министрлігінің ірі буындарды эндопротездеудің бірыңғай тіркелімін енгізу. Жаңа ақпараттық жүйе эндопротездеу операцияларын орталықтандырылған есепке алуға, ем нәтижелерін ұзақ мерзімді бақылауға, имплантаттардың тиімділігін бағалауға, пациенттердің қауіпсіздігін арттыруға және басқарушылық шешімдерді нақты деректер негізінде қабылдауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар өңірлік травматологиялық орталықтардың қызметін жетілдіру, ірі буындарды эндопротездеуді ұйымдастыру және мамандандырылған әрі жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін ұйымдарға қойылатын талаптар қарастырылды.
