ҰҒТОО-ТА ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ҚАУ…
2026 жылғы 17 шілдеде Академик Н.Д. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығында «Терроризм актісі қаупі төнген жағдайда әрекет ету алгоритмі. Терроризмге қарсы қауіпсіздік негіздері» тақырыбында ашық дәріс өтті.

Дәрісті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметкері Ибрагим Қуатбекұлы жүргізді. Ол терроризмнің қазіргі қоғам үшін өзекті қауіптердің бірі екенін атап өтіп, мұндай жағдайларда әр азаматтың қырағылығы мен дұрыс әрекет етуі адам өмірін сақтап қалуда маңызды рөл атқаратынын айтты.

Кездесу барысында терроризмге қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері, террорлық қауіптің негізгі белгілері, күдікті заттарды анықтаған кездегі әрекет ету алгоритмі, эвакуациялау тәртібі және төтенше жағдайларда жеке қауіпсіздікті сақтау қағидалары түсіндірілді. Сондай-ақ лектор жалған ақпаратқа сенбеудің, дүрбелеңге бой алдырмаудың және құқық қорғау органдарының нұсқауларын қатаң сақтаудың маңыздылығына ерекше тоқталды.
