ҰҒТОО мамандары Атырау облысын…
2026 жылғы 19–21 қазан аралығында академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының мамандары Атырау облысының медициналық ұйымдарына жұмыс сапарымен барды.
Сапарға медициналық қызметтердің стратегиялық дамуы және сапа менеджменті жөніндегі директордың орынбасары Ержан Исқақов, Ахуалдық орталықтың басшысы Ербол Қалданов және Атырау облысының штаттан тыс бас травматологы Б.С.Күлниязов қатысты.

Мамандар Жылыой орталық ауруханасына, сондай-ақ Индер, Махамбет және Мақат аудандық ауруханаларына барды. Сапар барысында травматологиялық көмекті ұйымдастыру, кадрлық қамтамасыз ету, материалдық-техникалық жарақтандыру және медициналық қызметтердің сапасын арттыру мәселелері қаралды. Өңірлік медициналық ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдау көрсетуге ерекше назар аударылды.

Қазіргі уақытта ҰҒТОО мамандары Батыс Қазақстан облысында жұмыс сапарларын жалғастыруда. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығымен бірлесіп, травматологиялық қызметті одан әрі дамыту және халыққа көрсетілетін медициналық көмекті жетілдіру мәселелері талқылануда.

