Н.Ж. БАТПЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҰҒТОО Х…
Н. Ж.Батпенов атындағы ҰҒТОО-ның 25 жылдығына арналған «Пәнаралық травматология және ортопедия: диагностикadan оңалтуға дейін» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында Азия-Тынық мұхиты ортопедиялық қауымдастығы (APOA) мен Қазақстан травматолог-ортопедтері қауымдастығының Бірлескен отырысы өтті.

Қазақстан, Түркия және Үндістаннан келген баяндамашылар Қазақстан травматолог-ортопедтері қауымдастығын дамытудың стратегиялық бағыттарын, сондай-ақ остеопороздық және ортогериатриялық сынықтарды емдеудің, омыртқаны бекітудің, тобық буыны патологияларының және ревизиялық эндопротездеудің озық тәсілдерін талқылады. Отырыстың маңызды нәтижесі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою және отандық ортопедияны халықаралық интеграциялау бағытын бекіткен APOA ресми хаттамасын табыстау болды.

Тұтастай алғанда, конференция травматология-ортопедия қызметінің өзекті міндеттерінің кең ауқымын қамтыды. ҰҒТОО клиникасында күрделі оталар көрсетілімі бар шеберлік сабақтары өтіп, роботтандырылған жүйелер, 3D-технологиялар және перипротездік инфекциямен күресу шешімдері ұсынылды. Секцияларда оңалтудың заманауи әдістері, мейіргерлік күтім мәселелері, ал «Батпенов оқулары» аясында жас ғалымдардың зерттеулері қаралды.

Конференция саланың ғылыми және практикалық прогресі үшін жаңа бағдарлар белгілеп, өз жұмысын сәтті аяқтады. Барлық баяндамашыларға, қатысушыларға және қонақтарға медицинаны дамытуға қосқан жемісті үлесі үшін алғыс білдіреміз!
