XIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ А…
Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының 25 жылдығына арналған XIII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық архивімен бірлесіп Н.Ж.Батпеновтің өмірі мен кәсіби қызметіне арналған архивтік құжаттар көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеде Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде сақталған Н.Ж.Батпеновтің жеке құжаттары мен оның өмірі мен еңбек жолына қатысты тарихи материалдар ұсынылды. Келушілер ғалымның кәсіби және ғылыми қызметін көрсететін фотосуреттермен, кітаптар мен кітапшалармен, хаттармен, марапаттары мен жетістіктеріне қатысты құжаттармен және басқа да архивтік материалдармен танысты.

Экспозиция Н.Ж.Батпеновтің отандық травматология мен ортопедия саласының дамуына қосқан үлесін, ғылыми және кәсіби мұрасын кеңінен таныстыруға мүмкіндік берді.
