XIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ: …
10-11 қыркүйек күндері Астанада Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының 25 жылдығына арналған XIII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция Қазақстанның әр өңірінен және шетелден келген 600-ге жуық маманды бір алаңға біріктірді.
Конференция Қазақстан травматолог-ортопедтер қауымдастығымен (KATO) бірлесіп ұйымдастырылды.

Мұндай ауқымды іс-шараны өткізуге демеушілер мен серіктестердің қолдауы да мүмкіндік берді. Олардың қатысуы тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және травматология мен ортопедия саласындағы заманауи жетістіктермен танысуға арналған кәсіби алаң қалыптастыруға ықпал етті.

Конференция аясында медициналық технологиялар мен жабдықтардың көрмесі де өтіп, онда травматология, ортопедия және медициналық оңалту салаларындағы заманауи әзірлемелер мен шешімдер ұсынылды.

Конференцияның демеушілері мен серіктестері: Naton Technology Group, ApexC, Meril, KAZ-PHARM, Mindray, Alians Medical Solution, TİKA, Arthrex, Zimmer Biomet, Медбиотех, Medcor, Smith+Nephew, AK Medical, АОК Medical Kazakhstan, Asunaro, Bojin, Euromedex, Orphan, «Сайгак Орто», «Палитра Глобал», SPEY, MARAI E1group, Endostar, Omnikinetix және басқа да ұйымдар.



Демеушілеріміз бен серіктестерімізге сенім білдіргендері, кәсіби ынтымақтастықтары және XIII Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны өткізуге қосқан үлестері үшін алғысымызды білдіреміз.