ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ МИКРОХИР…
Академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының базасында Қазақстанда алғаш рет Yasargil микрохирургия және микронейрохирургия мектебі ашылды. Қазақ медицинасы үшін айтулы шараға ҰҒТОО мамандарымен қатар Қытай делегация өкілдері де қатысты.

Мектептің ашылуы микрохирургия және микронейрохирургия саласында заманауи технологияларды енгізу, мамандардың практикалық дағдыларын жетілдіру және халықаралық тәжірибе алмасуды дамытуға бағытталған маңызды қадам болды.

Іс-шара барысында Zhengzhou Renji Hospital директоры Хоу Цзяньси микрохирургия, микронейрохирургия және пациенттерге шұғыл көмек көрсету саласындағы заманауи тәсілдер туралы арнайы дәріс оқыды. Ал сонымен қатар мамандар пациенттің клиникалық жағдайын бірлесіп қарап, емдеу тактикасын талқылады.

ҰҒТОО дәрігерлері Қытайдан келген әріптестеріне заманауи микрохирургиялық жабдықтарды таныстырып, олардың мүмкіндіктерін тәжірибе жүзінде көрсетті. Жаңа технологиялардың бірі практикада сынақтан өткізіліп, оны клиникалық жұмыста қолдану ерекшеліктері талқыланды.

Yasargil мектебінің ҰҒТОО базасында ашылуы Орталықтың микрохирургия және микронейрохирургия бағытындағы ғылыми-білім беру және клиникалық әлеуетін одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді. Мұнда мамандардың кәсіби біліктілігін арттырумен қатар, халықаралық тәжірибені меңгеру және заманауи микрохирургиялық көмекті дамыту бойынша жұмыстар жүргізіледі.
