ҰҒТОО-ДА ЖАС МАМАНДАРҒА АРНАЛҒ…
Академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығында резиденттерді қарсы алуға арналған ерекше форматтағы кездесу өтті. Жас мамандарға бейдждер табысталып, кофе-брейк ұйымдастырылып, еркін қарым-қатынас пен танысуға мүмкіндік жасалды.

Кездесудің негізгі мақсаты — резиденттердің бір-бірімен жақынырақ танысуына, жаңа кәсіби ортаға бейімделуіне және Орталықтың қызметі мен оқу мүмкіндіктері туралы кеңірек ақпарат алуына жағдай жасау болды.

Іс-шара барысында Орталық басшылығының өкілдері мен бөлім жетекшілері сөз сөйлеп, резиденттерге оқу үдерісі, кәсіби даму және маман ретінде қалыптасу жолы туралы айтып, жылы лебіздерін білдірді.

Кездесудің тағы да бір ерекше бөлігі медицина, травматология және ортопедия салаларына арналған интеллектуалды викторинамен толықты. Командаларға бөлінген резиденттер қызықты сұрақтарға жауап беріп, кәсіби білімдері мен тапқырлықтарын сынады. Ал ойын барысында қатысушылар командалық жұмыс дағдыларын көрсетіп, бір-бірімен жақынырақ танысты.

Қазіргі таңда Орталықта төрт мамандық бойынша 65 резидент білім алуда, ал оның ішінде биыл 27 мемлекеттік білім гранты бөлінді.

Жалпы мұндай сипаттағы кездесу ҰҒТОО-да алғаш рет ұйымдастырылып отыр және алдағы уақытта бұл бастаманы жыл сайын өткізу жоспарлануда. Аталған іс-шара жас мамандардың жаңа ортаға бейімделуіне және кәсіби байланыстарын қалыптастыруына жақсы мүмкіндік болды.