ҰҒТОО ТАШКЕНТТЕГІ КОНФЕРЕНЦИЯД…
2026 жылғы 24 қазанда академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының директоры Олжас Бекарисов пен орталық мамандары Ташкент қаласында өткен «Травматология және ортопедияда заманауи технологияларды қолданудың ғылыми негіздері мен практикалық нәтижелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
ҰҒТОО мамандары ғылыми баяндамалар жасап, қазақстандық травматолог-ортопедтердің тәжірибесін шетелдік әріптестерімен бөлісті.

Конференцияның практикалық бағдарламасы аясында сколиозды хирургиялық жолмен емдеу және артроскопиялық оталар бойынша шеберлік сабақтары мен операциялар өткізілді. Қатысушылар заманауи хирургиялық әдістермен тәжірибе жүзінде танысты.
Конференцияға Өзбекстаннан 200-ге жуық маман және шетелдерден 150-ден астам делегат қатысып, ғылыми бағдарлама аясында 170-тен астам баяндама ұсынылды.

Мұндай халықаралық іс-шараларға қатысу ҰҒТОО мамандарына шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасуға, заманауи емдеу әдістерін меңгеруге және кәсіби ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік беруде.
