ҰҒТОО мен Түркия университеті …
Академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының директоры, профессор Олжас Бекарисов жұмыс сапары аясында Түркияның Билежик қаласындағы Шейх Эдебали университетінің медицина факультетіне барды. Кездесудің басты тақырыбы екі мекеме арасындағы ғылыми және академиялық ынтымақтастық перспективалары болды.

Олжас Бекарисов медицина факультетінің деканы, профессор Неше Каклыккаямен кездесті. Талқылауға декан орынбасарлары Эрхан Шахин мен Мұстафа Боз, сондай-ақ факультет хатшысы Огуз Гюрджан қатысты. Мамандар бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырып, алдағы ынтымақтастықты дамытуға өзара қызығушылық білдірді.


Мұндай кәсіби байланыстар ғылыми тәжірибе алмасуға, бірлескен зерттеулер жүргізуге және медицина мамандарын даярлау сапасын арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.
