Қазақстан 2030 жылы APOA халық…
Академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының өкілдері Қазақстанда 2030 жылы Азия-Тынық мұхиты ортопедиялық қауымдастығының (APOA) конгресін өткізу мүмкіндігін талқылады. Келіссөздер Түркияда қауымдастық президенті, профессор Ондер Айдынгёзбен кездесу барысында өтті.
Кездесу 2026 жылғы 3–8 қараша аралығында Анталья қаласында өткен Түркияның ортопедия және травматология жөніндегі 35-ұлттық конгресі аясында ұйымдастырылды. Ғылыми бағдарламада хирургиялық емдеудің заманауи әдістері, роботтандырылған технологиялар, жасанды интеллектіні қолдану және перипротездік инфекцияларды емдеу мәселелері қамтылды.
Конгреске Академик Н.Ж.Батпенов атындағы ҰҒТОО директоры Олжас Бекарисов, ғылыми жұмыс және білім беру жөніндегі директордың орынбасары Дина Сагинова, Қазақстан травматолог-ортопедтер қауымдастығының атқарушы директоры Галина Жақсыбекова және Орталықтың басқа да мамандары қатысты. ҰҒТОО өкілдері ғылыми баяндамалар жасады.
Конгреске қатысу қазақстандық мамандардың тәжірибесін халықаралық деңгейде таныстыруға, ғылыми жетістіктермен алмасуға және алдағы кәсіби ынтымақтастықтың перспективаларын талқылауға мүмкіндік берді.



