Қазақстандық мамандар Түркияда…
Қазақстандық делегация 3–6 қараша аралығында Анталия қаласында өткен Түрік ортопедия және травматология қауымдастығының (TOTBİD–2026) 35-ші халықаралық конгресіне қатысты.
Ғылыми бағдарлама аясында мамандар инновациялық медициналық технологияларды енгізу, регенеративті медицинаны дамыту және жеке 3D-имплантаттарды қолдану тақырыптарында баяндамалар ұсынды.
Қазақстандық делегация құрамына:
- Галина Жақсыбекова – Қазақстан травматолог-ортопедтер қауымдастығының (КАТО) атқарушы директоры;
- Дина Сагинова – академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы директорының ғылыми және білім беру қызметі жөніндегі орынбасары;
- Д. Сұлтанов – дәрігер-резидент кірді.

Конгресс ғылыми-клиникалық тәжірибе алмасуға, халықаралық қауымдастықтармен, мамандандырылған клиникалармен және университеттермен кәсіби байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, бірлескен ғылыми, білім беру және клиникалық жобаларды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашты.
