ЖҰМЫС САПАРЫ АЯҚТАЛДЫ…
Академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының мамандары Батыс Қазақстан облысының медициналық ұйымдарына жасаған жұмыс сапарын аяқтады.
Медициналық қызметтердің стратегиялық дамуы және сапа менеджменті жөніндегі директордың орынбасары Ержан Искаков пен Ахуалдық орталықтың басшысы Ербол Қалданов Ақсай қаласындағы Бөрлі аудандық ауруханасына, Тайпақ ауылындағы №2 ауруханасына, Чапаев ауылындағы Ақжайық орталық аудандық ауруханасына, сондай-ақ Орал қаласындағы қалалық және облыстық көпбейінді ауруханаларға барды. Сапар аясында Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәкен Мырзақұловпен кездесу өтті.


Зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмекті уақтылы көрсету, жедел диагностика жүргізу, қажетті емдік шараларды қабылдау және медициналық көмектің барлық кезеңдерінде сабақтастықты қамтамасыз ету адам өмірін сақтап қалуда маңызды рөл атқарады. Әсіресе ауыр және бірнеше жарақаты бар науқастарға көмек көрсетуге медициналық ұйымдардың дайындығы ерекше маңызға ие.
Бұл мәселе арқылы халықаралық маңызы бар автомобиль жолдары өтетін және Ресей Федерациясымен шектесетін Батыс Қазақстан облысы үшін өзекті. Автокөлік қозғалысының жоғары қарқындылығы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуді, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуды және зардап шеккендерді медициналық ұйымдарға бағыттау тәртібін жетілдіруді талап етеді. Мұндай өңірлерде медициналық қызметтердің жұмысын тиімді ұйымдастыру жарақат салдарынан болатын өлім-жітімді азайтудың маңызды шарттарының бірі болып табылады.


Жұмыс сапарының мақсаты облыстағы медициналық ұйымдардың қызметімен танысу, өңірлік травматологиялық орталықты ұйымдастыру мәселелерін талқылау, өңір мен көршілес облыстардың медициналық ұйымдары арасындағы кәсіби байланысты нығайту, тәжірибе алмасу және халыққа көрсетілетін травматологиялық көмектің сапасын жетілдіру болды.

