МЕДИЦИНАЛЫҚ АНЫҚТАМАЛАР ЖӘНЕ Ш…
Қазақстанда денсаулық сақтау саласын цифрландыру жұмыстары жалғасуда. Медициналық құжаттарды электрондық форматқа көшіру азаматтарға қажетті қызметтерді ыңғайлы әрі жедел алуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда Қазақстанда 12 медициналық анықтама түрі цифрландырылған, оның 5 түрі тек онлайн форматта рәсімделеді. 2025 жылы азаматтарға 8,5 млн-нан астам электрондық медициналық анықтама берілген.
Цифрлық медициналық қызметтерді дамыту медициналық құжаттарды рәсімдеу процесін жеңілдетуге және азаматтардың медициналық ақпаратқа қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Шетелде емделуге жолдау
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында пациенттерді шетелде емделуге жіберу үшін ұсынылатын шетелдік медициналық ұйымдардың тізімі орналастырылған.
Тізімде шетелде медициналық көмек көрсетуге ұсынылатын медициналық ұйымдар туралы ақпарат қамтылған. Аталған тізім Қазақстан азаматтарына шетелде ем алуға байланысты медициналық ұйымдарды таңдауда ақпараттық негіз ретінде пайдаланылады.
Шетелде емделуге жолдау мәселелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі