МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ…
15 қазанда Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығында Медициналық кеңес отырысы өтті.
Отырыста Орталық жұмысы үшін маңызды екі бағытқа – инфекциялық қауіпсіздікке және коммуникация, маркетинг пен PR қызметін дамытуға баса назар аударылды.

Инфекциялық бақылау бөлімі Орталықтағы инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен өзекті мәселелерді ұсынды. Одан кейін коммуникациялар, маркетинг және PR қызметінің ағымдағы жұмысы, міндеттері мен алдағы жоспарлары туралы есеп тыңдалды.


Отырысқа қатысушылар ұсынылған есептер бойынша сұрақтар қойып, ұсыныстарды талқылады және алдағы жұмыс бағыттарын белгіледі. Сонымен қатар күн тәртібі аясында стандартты операциялық рәсімдер қаралды.
Медициналық кеңес мамандар мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары бірлесіп, медициналық көмектің сапасына, ішкі үдерістерді ұйымдастыруға және Орталықтың дамуына тікелей әсер ететін мәселелерді талқылайтын жұмыс алаңы болып табылады.
