МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТ…
Медицина қызметкерлері күніне орай Академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия орталығының бірқатар қызметкерлері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жоғары марапаттарына ие болды.


Аталған марапаттар денсаулық сақтау саласына қосқан елеулі үлесі, жоғары кәсібилігі және көпжылдық адал еңбегі үшін табысталды. Бұл – орталық мамандарының күнделікті қажырлы еңбегі мен өз ісіне деген жауапкершілігінің нәтижесі.


