Республика күні: салтанатты жи…
Республика күніне орай Академик Н.Ж.Батпенов атындағы ҰҒТОО-да салтанатты жиын өтті
Ел тәуелсіздігі мен тұтастығының символы – Республика күні қарсаңында Академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығында салтанатты жиын ұйымдастырылды. Ел игілігі мен халық денсаулығы жолында еңбек етіп жүрген бір топ медицина қызметкері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік наградаларымен және орталықтың марапаттарымен марапатталды.

Мерекелік шарада көпжылдық кәсіби еңбегі мен салаға қосқан зор үлесі үшін трансфузиология бөлімшесінің меңгерушісі Р. Б. Меирбекова мен №2 травматология бөлімшесінің хирург-дәрігері Н. А. Акбердиев «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
Сондай-ақ «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі невролог-дәрігер Ж. М. Саттыбаеваға, №3 ортопедия бөлімшесінің аға мейіргері С. Б. Мактабаеваға және №1 травматология бөлімшесінің мейіргері Г. М.Азаматоваға табыс етілді.




Ал «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен сараптама, сапаны бақылау және аккредиттеу бөлімінің бастығы М. Т. Алжанова, №2 травматология бөлімшесінің хирург-дәрігері О. К. Акышев пен сәулелік диагностика бөлімшесінің рентгенолог-дәрігері Р. Р. Ахметзакиров марапатталды.



Бұдан бөлек, Орталықтың дамуына үлес қосып жүрген бір топ қызметкерлер Орталықтың 25 жылдығына арналған мерекелік медальдарымен, сондай-ақ адал қызметі үшін Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.
Барша әріптесті жоғары кәсіби мәртебеге ие болған марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!



