ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР АУҒАНС…
Қазақстандық көпсалалы медициналық топ Ауғанстандағы гуманитарлық медициналық миссиясын аяқтап, елге оралды. Сапар барысында отандық дәрігерлер жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсетіп, күрделі операциялар жасап, ауған әріптестерімен тәжірибе алмасты.

Серік Балғазаров Н.Д.Батпенов атындағы ҰҒТОО директорының клиникалық істер жөніндегі орынбасары
«Ауғанстанға біздің дәрігерлер Қазақстаннан екінші рет барып отыр. Бұған дейін қараша айында барған болатынбыз. Бұл жолы Қазақстаннан 9 дәрігер бардық: 4 травматолог, 1 хирург, 2 балалар дәрігері, 1 гастроэнтеролог және 1 эпидемиолог. Біз өз тәжірибемізді қолданып, ауған дәрігерлерімен тікелей жұмыс істедік. Операциялардың көбі қару-жарақ пен жарылыстан болған ауыр жарақаттарға жасалды. Илизаров аппаратын қолдану тәжірибесімен бөлістік. Осы іссапарда шамамен 20 операция жасап, 120–150 науқасты қабылдадық.»

