ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ТОҒЫСҚАН ЗИ…
Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен және медициналық ұйымдар қызметкерлерінің қатысуымен Трансфузиология орталығында “1001 мақал, 101 жұмбақ” атты зияткерлік брейн-ринг ұйымдастырылды.

Сайысқа Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия ғылыми орталығының қызметкерлерінен құралған команда да қатысып, Сынықшы” атауымен бақ сынады. Қатысушылар қазақтың мақал-мәтелдері мен жұмбақтары бойынша білімдерін көрсетіп, тапқырлық пен шапшаңдықтарын сынға салды.

Сайыс қорытындысында орталығымыздың команда мүшелері қатысу сертификаттары мен арнайы сыйлықтарға ие болды. Зияткерлік кездесу әріптестер арасындағы командалық рухты нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және ана тіліміздің бай мұрасын насихаттауға мүмкіндік берді.
