ҰҒТОО-ДА ОРТАЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІН ҚА…
Бүгін Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының ұжымы Орталықтың негізін қалаушы, көрнекті ғалым, академик Нұрлан Жұмағұлы Батпеновтің рухына тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Еске алу рәсіміне қатысушылар академиктің отандық травматология мен ортопедияны дамытуға, медицина ғылымының өркендеуіне және білікті мамандар даярлауға қосқан өлшеусіз үлесін ерекше атап өтті.

Батпенов қалыптастырған ғылыми мектеп пен кәсіби мұра бүгінгі таңда да өз жалғасын тауып, жас дәрігерлерге бағыт-бағдар беріп келеді.
