«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ҰҒТОО ҰЖЫМЫН…
Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығында академик Н.Ж.Батпенов атындағы «Әділет» партиясы өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Шара барысында партия алдағы сайлауға арналған бағдарламалардың негізгі басымдықтарымен таныстырды.

Бағдарламада алдағы бес жылға жоспарланған бастамаларға тоқталып, атап айтқанда денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, лайықты еңбек, экономикалық даму, инфрақұрылым, цифрландыру және жаңа технологиялар бағыттарындағы жоспарлар сөз болды.

Сондай-ақ ұжым қызметкерлері мен партия өкілдері арасында ашық пікір алмасу өтті. Ал іс-шара соңында ҰҒТОО қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, бірқатар ұсыныстарын да білдірді.
