65 ЖАС МАМАН – ҰҒТОО-ДАҒЫ ЖАҢА…
1 қыркүйек күні Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығында резидентураның 1-курсына қабылданған жас мамандарды қарсы алу ұйымдастырылды.

Биыл орталықта төрт мамандық бойынша 65 резидент білім алады, ал оның 27-сі мемлекеттік білім беру гранты негізінде қабылданды. Соның ішінде 25 резидент – травматология-ортопедия (ересектер, балалар), 4 — балалар травматология-ортопедиясы, 23 — физикалық медицина және оңалту (ересектер, балалар), 13 — радиология мамандығын таңдады.

Іс-шара барысында жаңа резиденттерге орталықтың қызметі, оқу үдерісі және алдағы кәсіби мүмкіндіктері таныстырылды. Алдағы оқу кезеңінде жас мамандар тәжірибелі дәрігерлердің жетекшілігімен білімдерін тереңдетіп, теорияны клиникалық тәжірибемен ұштастырады.
Резидентура — білікті маман қалыптастырудағы маңызды кезең. ҰҒТОО ұжымы жаңа резиденттерге сәтті оқу, кәсіби ізденіс пен жарқын жетістіктер тілейді!
