ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ – ҰҒТОО ОРТАЛ…
Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығында жоспарлы өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – төтенше жағдай туындаған кездегі қызметкерлердің іс-қимылдарын пысықтау және өрт қауіпсіздігі талаптарын еске салу.

Осы мақсатта қызметкерлер төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету тәртібін қайталап, өрт сөндіру құралдарын пайдалану бойынша тәжірибелік дайындықтан өтті.
