ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ:ҰҒТОО ҰЖЫМЫ М…

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлау күні Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығында сайлау учаскесі жұмыс істеп, қызметкерлер мен ем алып жатқан пациенттерге өз таңдауын жасауға барлық мүмкіндік берілді. Әрі орталықта дауыс беру үшін қажетті жағдайлар да ұйымдастырылып, кез келген азаматтың сайлау құқығын жүзеге асыруына жол ашылды.

Сондай-ақ, ең жас және ең жасы үлкен пациенттерге арнайы сыйлықтар табысталып, олардың сайлауға қатысуына ерекше ықылас білдірілді. Мұндай шағын назар маңызды күнді есте қаларлықтай етуге бағытталған болатын.

