ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ-КӨРМЕ…
2026 жылғы 8-9 қазанда Астана қаласында әлемнің 13 елінен келген аяқ басы және толарсық буын хирургиясы саласының жетекші мамандарының басын қосқан «Foot and Ankle 360°» халықаралық конференциясы өтті.
Іс-шара аясында мамандарға арналған заманауи медициналық технологиялар мен шешімдердің көрмесі ұйымдастырылды. Қатысушылар жаңа әзірлемелермен танысып, кәсіби тәжірибе алмасты және аяқ басы мен толарсық буын хирургиясын дамытудың болашағын талқылады.

Академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының директоры Олжас Сапарғалиұлы Бекарисовтың осы салаға қосқан кәсіби үлесін жоғары бағалап, Қайрат Тәжинге құрмет грамотасын табыстауы шараның ерекше сәтіне айналды.


Бұл көрме мен конференция кәсіби диалог орнатуға, заманауи технологиялармен танысуға және травматология мен ортопедия саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға арналған бірегей алаң болды.
