БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ
«Қазақстан» ұлттық телеарнасының жаңалықтарында академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының отандық медициналық импланттарды әзірлеу бағытындағы ғылыми жұмыстары туралы сюжет жарық көрді.
Орталық мамандары Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ғалымдарымен бірлесіп, тірек-қимыл аппараты аурулары мен жарақаттарын емдеуге арналған жаңа имплант конструкцияларын әзірлеуде.

Ғылыми жоба аясында омыртқа, жамбас және бұғана сүйектерінің патологияларын емдеуге, сондай-ақ тобық буынының деформацияларын түзетуге арналған медициналық конструкциялар жасалуда. Оларды әзірлеу барысында 3D-модельдеу және 3D-басып шығару технологиялары қолданылады.
Бұл жұмыс отандық медициналық технологияларды дамытуға, импорттық медициналық бұйымдарға балама қалыптастыруға және травматология мен ортопедия саласындағы ғылыми әлеуетті арттыруға бағытталған.
Толық сюжет: https://qazaqstan.tv/news/234801