АБАЙ ОБЛЫСЫНА САПАР…
Қазақстан Республикасының ересек тұрғындарына «Травматология және ортопедия» бейіні бойынша медициналық көмекті жетілдіру жөніндегі 2025–2027 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру, сондай-ақ еліміздің өңірлерінде Өңірлік травматологиялық орталықтарды (ӨТО) кезең-кезеңімен ұйымдастыруға дайындық аясында Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының өкілдері Абай облысына жұмыс сапарымен барды.

Семей қаласында ҰҒТОО директорының даму стратегиясы және медициналық қызметтер сапасын басқару жөніндегі орынбасары Е.С. Искаков пен Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Т.К. Молдабековтің кездесуі өтті.

Кездесу барысында өңірдегі травматологиялық қызметті ұйымдастыру, жарақаттану мен жарақат салдарынан болатын өлім-жітімді төмендету шаралары, сондай-ақ облыстағы травматология және ортопедия саласын дамытудың перспективалық бағыттары талқыланды.
Жұмыс сапары аясында Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасына, Курчатов қаласының қалалық ауруханасына, сондай-ақ Абай облысының жекелеген аудандық ауруханаларына бару жоспарланған.

Жұмыс сапары травматологиялық көмекті ұйымдастыруды жетілдіруге, оның қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ жарақаттар мен ортопедиялық аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсетудің өңірлік жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған.
