ДИССЕРТАЦИЯ СӘТТІ ҚОРҒАЛДЫ…
Академик Н.Ж.Батпенов атындағы ҰҒТОО-ның Ортопедия №2 бөлімінің дәрігері, травматолог-ортопед Нұрахметов Асет Асқарұлы медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын сәтті қорғады.
Асет Асқарұлы Ресей Федерациясының Самара қаласындағы академик РҒА А.Ф. Краснов атындағы травматология, ортопедия және экстремалды хирургия кафедрасында аспирантураны тәмамдаған.

2026 жылғы 21 қыркүйекте ол 3.1.8 «Травматология және ортопедия» мамандығы бойынша «Бірінші плюснефаланга буынының остеоартрозы кезіндегі эндопротездеуді жетілдіру» тақырыбында диссертациясын қорғады.
Оның ғылыми жетекшісі — медицина ғылымдарының докторы, доцент, Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің «Самара мемлекеттік медицина университеті» ФГБОУ ВО академик РҒА А.Ф. Краснов атындағы травматология, ортопедия және экстремалды хирургия кафедрасының профессоры Андрей Николаевич Николаенко.

Академик Н.Ж. Батпенов атындағы ҰҒТОО ұжымы Асет Асқарұлын диссертациясының сәтті қорғалуымен құттықтап, ғылыми еңбегіне толағай табыс пен кәсіби жетістіктер тілейді!