Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын денсаулық сақтау жүйесінде іске асыру жөніндегі 2023-2029 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі және С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылғы сәуір-мамыр аралығында «Мемлекеттік тіл — менің тілім» және «Сапалы құжат: ұлттық стандарттарға негізделген ісқағаз» атты республикалық конкурс жарияланып, өткізілді. Аталған конкурстың қорытындысы бойынша Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы «Үздік сайт» аталымы бойынша ІІІ-дәрежелі дипломға ие болды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2026 жылғы 29 тамызда Алматы қаласындағы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде өтті.
Аталған жетістік ҰҒТОО-ның мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру және ұлттық стандарттарға сәйкес сапалы құжат айналымын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарының жоғары бағаланғанын көрсетеді. Орталықтың жетістігіне үлес қосқан Аударма ісі жөніндегі топтың барлық қызметкерлеріне алғыс білдіріп, алдағы уақытта да мемлекеттік тілдің дамуына бағытталған игі бастамаларға белсене қатысып, жаңа жетістіктерге жете берулеріне тілектестігімізді білдіреміз.


