Академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының мамандары Шығыс Қазақстан облысының шалғай аудандарындағы тұрғындарға шұғыл травматологиялық көмекті ұйымдастыру бойынша жұмыс сапарын өткізді.

Н.Ж.Батпенов атындағы ҰҒТОО директорының медициналық қызметтердің сапасы мен бақылау, мониторинг және талдау жөніндегі орынбасары Искаков Ержан Сағиұлы Шығыс Қазақстан облысының бас травматологы Бакербеков Думан Түлеубекұлымен бірлесіп, Шемонаиха, Зайсан, Алтай, Тарбағатай, Самар және Риддер қалаларындағы алты медициналық ұйымның жұмысымен танысты.

Жұмыс сапары барысында мамандар жергілікті жерлердегі шұғыл травматологиялық көмекті ұйымдастыру барысымен танысып, әріптестерімен өзекті мәселелерді талқылады. Сондай-ақ травматологиялық көмекті ұйымдастыру мен көрсетуді жетілдіру бойынша қажетті ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдау көрсетіп, ұсыныстар да айтылды.

Мұндай жұмыс сапарлары ҰҒТОО мен өңірлік медициналық ұйымдар арасындағы өзара байланысты нығайтуға, практикалық тәжірибе алмасуға және шалғай аудандар тұрғындарына көрсетілетін травматологиялық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
